Менің туған өлкем – Алматы облысы. Бұл өлке табиғаты өте бай әрі әсем. Мұнда биік таулар, кең жазықтар, мөлдір көлдер мен өзендер бар. Әсіресе, Іле Алатауының көрінісі таң қалдырарлық. Көктемде жасыл желегі жайнап, жазда гүлге бөленіп, күзде сары алтынға оранып, қыста ақ ұлпаға жамылады.