Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны, жазушы, философ, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінде жаңа кезеңнің негізін қалаушы. Ол 1845 жылы туып, 1904 жылы қайтыс болды. Абай шығармаларында адамгершілік, білім, еңбек, ел тағдыры туралы терең ойлар қамтылған. Оның «Қара сөздері» қазақ халқының рухани байлығы болып саналады.